Ауа райы

Курсы валют

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Қош келдіңіздер!

«Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Инспекция Қарқаралы, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, Жезқазған ботаникалық бағы және Қарағанды облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі барлық балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті.

Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ  Инспекцияның Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Инспекцияның заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Крылов көшесі, 20а.

 

1414 - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі call-центр

8 (7212) 41-58-65 - телефон доверия Инспекции

8 (7212) 41-21-05 - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің нөмірі

Баннерлер